Елорда тынысы

Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды

13 және 14 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады.

Нақтырақ айтқанда:
1. Салтанат Сарайы;
2. «Әзірет Сұлтан» мешіті;
3. Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button