Мерей

Димаш Қытайда «Алтын әуен» сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық телеарнаның «Біздің ән» атты музыкалық шоуында өнер көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Шоуда Димаш қытайлық әнші Хуан Сяоюнмен бірге «Red Moon Rules» әнін орындап, көрермендер мен қазылардың алқауына бөленді. Сондай-ақ, Димаш Құдайберген тағы бір қытайлық танымал әнші Гон Линнамен бірге «Become a Poet» әнін шырқады.

Айта кетерлігі, Димаш бағдарлама кезінде қытайлық әншілерге қазақ тілін үйретті. Ал қытайлық әншілер Димашқа қытайша ән айтуына көмектескен.

Бағдарлама соңында, Димаштың орындауындағы «Become a Poet» әні алтыншы маусым алтыншы кезеңінің «Алтын әуені» сыйлығын жеңіп алды.

«Біздің ән» музыкалық телешоуының алтыншы маусымы 21 шілдеде көгілдір экраннан көрсетіле бастады. Бұл шоу қытайда көрілімі ең жоғары бағдарламалар қатарына жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button