Президент пәрмені

Дін дүрдараздық тудырмауға тиіс

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си ба­ғы­ты» атты халыққа арнаған Жолдауы еліміздің стра­тегия­лық басымдықтарын айқындап, мақсатты межеге же­тудің меха­низм­де­рін түзетін маңызды құжатқа айналып үлгерді. 

1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» страте­гиялық бағдарламасы еліміздің аталған уақыт аралығында қан­дай ме­же­ге жететінін көр­сеткен болатын. Қажырлы еңбек пен дұрыс ойлас­ты­рыл­­ған жоспар нәтижесінде мемлекетіміз 2012 жылдың өзінде-ақ алға қойған асуды бағындырып, еліміздің 2050 жылға арналған жоспарын бел­гілеп алды.

Президентіміздің 2050 жы­лы Қазақ­станды әлемнің экономикасы дамыған 30 елінің қатарына енгізуді бағдар ет­кен кезекті жолдауы өзекті саланың еш­бірін айналып өтпеді. Оның бірі – дін саласы. Ханафи мәзһабының қазақ хал­қының тарихындағы рөлін ерекше атап көр­сеткен Елбасымыз азаматтарды дәстүрді мансұқ ететін радикалды ағымдардан абай болуға шақырды. Шынында да, дінді саясиландыру арқылы адамдар арасында дүрдараздық тудыру, дін ілімдерін бұрмалау жолымен азаматтарды мемлекетке, дәстүрге, туған-туыс­тарына қарсы қою ешбір дінде құпталған емес. Біз саналы азамат ретінде мұндай қауіп-қатерге жол бермеуге тиіспіз.

Қорыта айтқанда, бұл Жолдау, ел тұрғындарының мақсат-мүддесіне арналып, халықтық кең қолдауға ие болып отыр.

Ж. ДӘУРЕНОВ,
Астана қаласы Дін істері
департаментінің директоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button