Sport

Динара Әлем кубогына қатысады

dinara

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында шахматтан Әлем кубогы жарысына жолдама үлестірген Ортаазиялық аймақтық турнирде астаналық Динара Садуақасова жеңіске жетті.

Байрақты жарыстың әр ойынында тиянақтылық көрсеткен халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Садуақасова ең жақын қарсыласынан жарты ұпай озып, қорытынды есепте бірінші орынға ие болды. Осылайша, астаналық шахматшы Әлем кубогы жарысына берілетін жалғыз жолдаманы қанжығасына байлады.
Енді Қазақстан олимпиадалық командасының мүшесі Д.Садуақасова 10 қыркүйек-4 қазан аралығында Баку қаласында өтетін Әлем кубогы бәсекесінде ел намысын қорғайтын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button