SportБасты ақпарат

Динара Сәдуақасова – Әлем чемпионы

Елордалық шахматшы Динара Сәдуақасова Үн­дістанның Бхубанесвар қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпио­натында топ жарды. Бұл зияткерлік сайысында 57 шахматшы бас жүлде үшін бас қатырды

02

Әлем біріншілігінде Динара 13-тен 9,5 ұпай жинап, көш бас­тады. Ал одан кейінгі орынға ресейлік, үшінші орынға үн­дістандық шахматшы лайық болды.
Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған жарыста 13 түр өткізілді. Екі аптаға созылған сайыста үздік болған Динара енді әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде сынға түседі.
Елордалық жас талант Х.С. Омаров атындағы шахмат клубында бес жасынан бастап тәлім алып жүр. Динара шахматпен қатар музыка мектебінің фортепиано сыныбын үздік аяқтап, көркемдік гимнастикамен шұғылданған. Шахматқа біржола бет бұрған ол сегіз жасында әлемдік деңгейдегі жарыста топ жарады. Динара Сәдуақасова үш дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін вице-чемпионы және Қазақстан чемпионатының бір­неше дүркін жеңімпазы.
Айтпақшы, Динара 2014 жылы өзінің шәкіртақысына «Шах­мат­тағы алғашқы қадамдар» атты әдіс­темелік кітабын шығарды. Бұл – шахмат үйренгісі келетін жеткін­шектерге таптырмас оқу құралы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button