ӘлеуметИмантаразы

Діни ахуал назарда

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен әкімдіктің дін проблемаларын зерттеу орталығы діни экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу бойынша семинар өткізді. 

06-1

Астана қаласы Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған бұл шара «Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы діннің рөлі» деген тақырыппен өтті.
Аталмыш топ діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында құрылып, өз жұмысын бастаған еді. Топ күшімен осы күнге дейін қала көлемінде 24 мыңнан астам адамды қамтыған 203 кездесу өткізілді. Осы ретте дін тұрғысында мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыруға ықпал етіп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға тұрғындардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда оң тәжірибе жинақтап келеді.
Семинарға қатысушылар алдында сөз алған Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Әлмұханов халықпен тығыз жұмыс жасай отырып, олардың кө­кейінде жүрген сұрақтарға тікелей жауап беретін құрамында дінтанушылар, пси­хологтар және әкімдіктің Дін проблемаларын зерттеу орталығының өкілдері бар топтардың біліктілігіне көп нәрсе байланысты екенін айтты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қандай қиындық болса да осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктеріміз – тұрақ­тылық пен тыныштықтың, сан түрлі ұлт пен дін өкілдерінің жарасымы мен таулығын нығайта түсу керектігін айтты.
ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Тағанұлы соңғы кезде орын алған оқиға­ларға талдау жасады. Ол «тұнығымызды лайлағысы келетін күштерге қарсы тұрар, халықтың ынтымағы мен иманын бекітудің жолы дәстүрлі діни құндылықтарды дәріп­тей білуде жатыр» деді.
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері оң тәжіри­белерімен алмаса келе, алдағы міндеттерін айқындады.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button