Жаңалықтар

ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сот сараптамасының орталық институтында «Сот діни сараптамасын өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірбиелік семинар өтті. 

Семинар кезіндегі сараптама барысында діни араздық пен алауыздық туғызатын, экстремизм мен лаңкестік белгілері бар, тағы басқа да зерттеу материалдарына талдау жасалды.
Іс-шараға Сот сараптамасы орталығының сарапшылары, аймақтардан келген арнаулы мамандар, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, құқық қорғау және арнаулы органдар мен сот өкілдері қатысты.
Сот сараптама орталығының статистикалық мәліметінше, 2012-2015 жылдар аралығында сот сараптамасының өңірлік бөлімшелерінде 1 622 діни материал сараптамадан өткізілген.
Осы ретте діни сарап­тама­лық материалдар Қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік және діни араздық; лаңкестік топты құру, басқару; лаңкестікті насихаттау немесе жария түрде шақыру, тағы басқа да баптары бойынша бекітілгенін айта келіп, Сот сараптама ор­талығының директоры Исидор Борчашвили «Сот діни сараптамасы – теориялық жаңарулар мен тәжірбиелік білімді қажет ететін ғылыми сала. Мамандардың басты мақсаты – заманауи әдіс­те­мені меңгере отырып, сарап­тамалық қолданысқа енгізу» екенін атап көрсетті.

Еркежан ЖҰМАЖАН,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
1-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button