Ел тынысы

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша семинар өтті

Астана қаласы Дін істері басқармасы қаланың Діндерді зерттеу орталығымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері үшін семинар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Семинар елордада Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу сапасын арттыру, халықтың діни сауаттылығын арттыру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау, радикалды діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескерту, экстремистік идеяларға қарсы «иммунитетті» нығайту және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының талаптарымен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Талқылауға Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Ердәулет Кенжеханов, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров, Шешендік шеберлік бойынша жаттықтырушы Толқын Аманбек, психолог Резеда Баймұхаметова және т. б. қатысты. Ғалымдар, қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер өкілдері спикер ретінде дәрістер оқыды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button