Руханият

Дипломатпен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен ­Есіркеп белгілі дипломат, тіл жанашыры ­Сайлау ­Батыршаұлымен кездесті.

[smartslider3 slider=1629]

Тәжірибелі дипломат сыртқы істер саласында, елшілік қызметте істеген кездегі естелік оқиғаларын айтып берді. Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде ресми таныған мемлекеттермен алдын ала қандай келіссөз жүргізілгенін, Одақ ыдыраған сәттегі іс-әрекеттер туралы әңгімеледі.

Соның ішінде Түркия президенті Тұрғыт Өзалға Қазақстанның жақын арада тәуелсіздік жариялайтындығы айтылғанда, ол өз дипломаттарын алдын ала Алматыға жіберіп, олар еліміздің тәуелсіздігін танитындығы жөніндегі Президенттің құттықтау телеграммасын дайындап, күтіп отырған екен.

Кездесуде осындай қызықты деректер айтылды. Жүздесу соңында дипломат басқарма басшысына «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» аталатын мемуар кітабын сыйлады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button