Басты ақпаратҚала тіршілігі

ДИПЛОМАТТАР ДҮНИЕЖҮЗIЛIК ЖЕР КҮНIН АТАП ӨТТI

22-шi сәуiрде аталып өтетiн Дүниежүзiлiк Жер күнiне орай кеше Астанадағы АҚШ елшiлiгiнiң қызметкерлерi қала әкiмдiгi ұсынған Спорттық орталық алдындағы учаскенi тазалады. Нысан ауласын күл-қоқыстан тазартумен қатар, дипломаттар жас көшеттер де отырғызды.
Жер күнi АҚШ-та 1970 жылдан бастап дәстүрлi түрде атап өтiледi. Бұл атаулы күннiң мақсаты – жұртшылықтың назарын адамзат тарапынан қоршаған ортаға келiп жатқан зиян мәселесiне аудару.
22-шi сәуiр 1990 жылдан бастап ресми түрде Бүкiләлемдiк жер күнi ретiнде аталып өте бастады. Сондай-ақ, осы атаулы күн АҚШ-та Ағаш отырғызу күнi ретiнде де белгiлi.
– Жер – бәрiмiзге ортақ. Халықаралық жер күнiне биыл қырық екi жыл толып отыр. Осы орайда бiз де бұл күндi өзiмiзше атауды жөн көрдiк: ауланы қоқыстан тазартып, ағаш отыр­ғыздық. Бұл – өте жақсы мейрам. Осы мере­кенiң арқасында әрбiр адам бiр көшет отыр­ғызса, осы арқылы өзi тұрған жердiң ауасын да тазартуға атсалысар едi. Бiз өз кезегiмiзде АҚШ елшiлiгi атынан бiзге қолдау танытқан Қазақстан халқына, қала әкiмдiгiне алғыс бiлдiремiз, – дедi АҚШ-тың Қазақстандағы елшiсi Кеннет Фейрфакс.

Еркежан СӘТIМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button