Жаңалықтар

Діттегеніңіз DELTA болсын

Көпшілік шет тілін оқуды қолға алғаннан бас­тап, ағылшынша тілі шыққан оқытушыларды іздей бастайды. Оларды өзіміздің кәсіби мұғалімдерден артық көреді. Алайда бұл фактор тілді жақсы меңгеріп шығуға кепілдік бермейді.

Жақында өзіме сабақ беретін ағылшын тілі мұғалімі басынан өткен жайтпен бөлісті. Әрі ұстаз, әрі білім беру орталығының директоры Әсел айналасын білікті мамандармен толықтыруға мүдделі. Ол үшін орталыққа келетін ұстаздармен әрдайым сұхбат жүргізіп, олардың білім беру деңгейін, ұстаздық тәжірибесін анықтайтын сұрақтар қояды екен. Бірде Нигерия мемлекетінің азаматы келіп, жұмысқа орналасуға ниет білдіріпті. «Қай жерде туып-өстіңіз?», «Тілді еркін меңгергеніңіз жөнінде куәлік бар ма?», «Кәсіби біліктілігіңізді растайтын сертификатты көрсете аласыз ба?» деген сұрақтардан кейін әлгі ұстаз намыстанып, «мені алаладың» деп ренжіп қалған көрінеді. Ал Нигерияда ағылшыннан басқа йоруба, хауса, игбо сынды тілдер қатар жүреді. Демек азаматтың ана тілі қай тіл екенін анықтау қиынға соғатыны, тілді білсе, керемет оқытушы екендігіне көз жет­кізу керектігі айтпаса да түсінікті.
Оқушылардың жаңылатын тұсы да осы. Шет тілінде сөйлеп өскен азаматтармен әңгімелесу тілді дамытуға септігін тигізетіні анық. Алай­да академиялық оқу­ға аттанатын болсаңыз, мұ­ға­лімнің біліктілігіне көңіл аударғаныңыз жөн. Әлемде IELTS, TOEFL-дан басқа, мұға­лімдер арнайы CELTA және DELTA сертификаттарын алуға тер төгеді. Мәселен, CELTA-дан сүрінбей өтсеңіз, мектепте ағылшын тілінен сабақ беруге болады. Ал одан жоғары лауазымға үміттенсеңіз, DELTA-ны алуға талпынуыңыз керек.
Тілді меңгерудің түрлі тә­сілдері бар. Әркім өз таңдауын жасайды. Біз тек еліміздің азаматтары арасында қалыптасып қалған пікірге маманның ойын қостық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button