2022 - Балалар жылы

Дизайн жасауды үйретеді

Биылғы сәуір айында елордада Сән және дизайн студиясы жұмысын бастады. Мұнда өз идеялары мен жобаларын жүзеге асыруды армандайтын талантты дизайнерлер мен суретшілер үшін есік ашық.

[smartslider3 slider=3724]

– Бала кезімде мультфильм режиссері немесе сәнгер болуды армандадым. Алғашқы коллекцияны 7-сыныпта көрсеттім. Кейін мұғалімдерім мен сыныптастарым мектепте алғашқы сән көрсетілімімді өткізуге көмектесті. Мектепті бітірген соң Т.Жүргенов атындағы ­академияға грантқа оқуға түстім, – дейді шығармашылық шеберхананың жетекшісі Ария Жүнісбек.

21 жасында ол Лондондағы өнер университетіне оқуға түсті. Одан кейін Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасын тәмамдады. «Универсиада-2017» гала-концертіне, Каспий теңізі саммитіне костюмдер дайындады. Ария Жүнісбек Сеул сән апталығына шетелдік сәнгер ретінде шақырылды. Бакуде Өнер академиясында шеберлік сабақтарын өткізді. Стамбулдағы Өнер институтында, Абу-Дабиде, Миланда сән көрмелерінде болды.

– Қазір мен бар күшімді балалардың кәсіби дизайн және жазу дағдыларын дамытуға жұмсаймын. Басында ақылы курстар аштық. Бірақ кейінірек ата-аналардың балаларының шығармашылық білім алуына ақша төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін түсіндік. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына қиынға соқты. Сондықтан осындай балалар үшін тегін топ ашу идеясы келді. Қазір біздің шығармашылық орталықта 16 бала бар. Оның үшеуі мүмкіндігі шектеулі жандар. Сондай-ақ бізге 6 зейнеткер келеді, – деп бөлісті өнер студиясының жетекшісі.

Әлеуметтік орталықта эскиз бен аксессуарларды жасауды және модельдеу бойынша негізгі дағдыларды, сонымен қатар суретке түсуді, макияж және шаш үлгісінің негіздерін, сурет салу техникасымен жұмыс істеуді, сурет салуды және т.б. үйретеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button