Шаһар шежіресі

Добронравов пен Пахмутова – Целиноградта

Шығармашылық бірлестікте талай тамаша ән тудырған ерлі-­зайыпты ақын Николай Добронравов пен композитор ­Александра Пахмутова өткен ғасырдың 60-жылдары сол кездегі Целиноград қаласында болды. Тың игерушілер сарайында (қазіргі «Астана» концерт залы) отбасылық жұптың әндері шырқалған концерт өтті.

Сайын даланың Сарыарқасы Пахмутоваға жат емес еді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары, нақты айтқанда, 1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың күзіне де­йін жасөспірім Саша Қарағанды қаласында тұрып, жергілікті музыка мектебінде (бүгінгі Тәттімбет атындағы өнер колледжі) оқыды. Арада жиырма жыл өткенде, Целиноградқа келген өнерлі жұпты жұрт құрметтеп, қошеметтеп қарсы алды. Сол сапардан фотосуреттер естелік болып қалды. Біз ұсынып отырған соның бірін Михаил Антонюк Тың игерушілер сарайының жанында түсіріп алған.

Мұнда өмірге риза ке­йіпте, мәз-мейрам болып отырған өнерлі жұп өнегелі отбасының, шығармашылықтағы берекелі шаңырақтың үлгісін көрсетті десек қателесе қоймаспыз. Екеуі 1956 жылы отау құрып, 67 жыл тату-тәтті өмір сүрді. Бірер апта бұрын Николай Добронравов 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button