Елорда тынысы

Дөңгелек үстелде отандық тауар өндірушілермен офтейк келісім-шарттарға қол қойылды

Астанада өткен дөңгелек үстелде отандық тауар өндірушілермен офтейк келісім-шарттарға қол қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспеков бүгін ірі компаниялардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «QazaqGaz» компаниялар тобының 2024 жылға арналған сатып алу жоспарын талқыланып, сондай-ақ «Арзу» ЖШС, «BiG partners» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Engineering Tech Service» ЖШС және «Бемёр Арматура» ЖШС отандық өндірушілерімен офтейк келісім-шарттарына қол қойылды.

Одан бөлек, талқылаулар барысында мұнай-газ саласында жаңа кәсіпорындар құру бағдарламасын жүзеге асыруға көмек көрсету қажеттілігі атап өтілді.

Вице-министр өз сөзінде ішкі құндылықты дамытуға бағытталған заңнамалық шараларға тоқталып, сондай-ақ, жергілікті қамтуды арттыру және отандық өндірушілерді жүктеу маңыздылығын атап айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button