Қоғам
Доллар бағамы көтерілді
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/07/7e11d49d-eefe-465e-b2c1-b9127eca612c.jpg)
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,10 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,83 теңге.
Ұлттық банктің 26 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,72 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 472,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 474,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге.
Ресей рублі 5,37 — 5,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.