Мәдениет

Доп додасы

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы театрлар арасында футболдан шағын турнир өтті.

[smartslider3 slider=1362]

Доп додасына елорданың алты театры қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Топтық кезеңдегі ойынның өзі тартысты болды. Жеңімпаз атанған командалар мен үздік деп танылған ойыншылар алғыс хатпен марапатталды.

«Үздік шабуылшы» – Бахтияр Бостанбаев, «Астана Опера» театры; «Үздік қорғаушы» – Арнат Жамаш, «Astana Musical» театры; «Үздік қақпашы» – Аққанат Қуандықов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры»;

Жарыс қорытындысы бойынша турнир кубогының иегері – «Астана Опера» театры, күміс медаль иегері – «Astana Musical» театры, ал қола жүлде иегері – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры».

Алдағы уақытта да өнер ұйымдарының арасында достық қатынасты арттыратын осындай кездесулер өз жалғасын табады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button