Спорт

«Dostar» топ жарды

Астанада қала клубтары арасында футболдан турнир өтті. Доп додасында қаланың үздік командалары чемпион атануға күш салды.

Ақтық сынға дейін қарсыластарының осал тұсын тапқан «Dostar» және «Виста» командасы кездесті. Тартысты өткен кездесуде 3:1 есебі тіркеліп, алғаш­қысының пайдасына аяқталды. Ал «Абай» клубының футболшылары үздік үштікті түйіндеді.

Турнирдің марапаттау рәсіміне Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев пен елордалық футбол федерациясының президенті Давид Лория қатысып, турнирде үздік өнер көрсеткен футболшыларды марапаттады.

Жомарт Әсетұлы («Dostar») «Үздік қақпашы» атанса, Евгений Семин («Виста») «Үздік қорғаушы», Біләл Насыров («Dostar») «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясы бойынша марапатталды. Асхат Назаров («Виктория») «Үздік жаттықтырушы» атағын иеленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button