«Достық – бейбітшілік кепілі» дөңгелек үстелі өтті

Елорданың Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық – бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Ауқымды іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының Астана қаласындағы орталықтарының басшылары, «AMANAT» партиясының белді мүшелері және мәслихат депутаттары қатысты.
Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова биыл саяси маңызы бар күндерге толы екенін, осыған орай құнды іс-шаралар ұйымдастырылуы керек екенін ескере отырып, жыл меморандуммен бастағалы отырғанын айтты.
«Биыл – мерейтой мен төл мерекелерге толы жыл. Соның ішінде Ұлы Жеңіске 80 жыл, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл және Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл. Ұйым осы жылдар ішінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара достықтың бірегей институтына айналды. Осы мерейтой аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты бірлесе кешенді жұмыс істеу, соның ішінде еліміздегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, түрлі этнос өкілдерінің өзара достығын әрі қарай нығайта түсу болмақ. », – деді AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.
Бұдан соң партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек пен Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұрал Айдашев ортаға шақырылып, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық пен келісім туралы меморандумға қол қойылды.
Дөңгелек үстел аясында этномәдени орталықтың басшыларымен жылдық жоспар талқыланды.