Елорда тынысы

Достық үйіндегі дидарласу

Елорданың Достық үйінде Одилжон Саттаров бастаған «Ватандошлар» қоғамдық қоры делегациясының Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының активімен кездесуі өтті. Кездесуге Парламент Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев, қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова қатысты.

Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод ­Пулатов модераторлық еткен жиында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ұлтаралық келісім, этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық қорлармен жұмыс істеу мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты. Қонақтар қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы қыз­метімен танысып, Достық үйінде арнайы ұйымдастырылған экскурсия­ны тамашалады. Қоғамдық қордың өзбек тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін этномәдени орталық атынан ұйым өкіліне алғыс хат пен ұлттық кәдесый табыс етілді.

«Ватандошлар» қоғамдық қорының мақсаты – шетелде тұратын отандастарды тарихи отаны төңірегіне біріктіру, олардың жүрегінде елге деген мақтаныш сезімін нығайту, ұлттық ерекшелікті сақтау, отандастарды және олар құрған түрлі бірлестіктерді қолдау.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button