Жаңалықтар

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ – ФОТОБАЙҚАУ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ел Конституциясы күніне орай елордалық Достық үйі әлеуметтік желілерде фотобайқау ұйымдастыруда.

Фотобайқау Instagram әлеуметтік желісінде өтеді. Қатысушылар парақшаларындағы пост астына #30letmiraisoglasiya #30letdrujby #ANK #MiridrujbaANK хештегтерін көрсете отырып, өздерінің авторлық суреттерін жариялауы керек. Сонымен қатар астаналық Қазақстан халқы ассамблеясының @assembly_nur_sultan ресми парақшасын да белгілеп өтуі тиіс.

Ең үздік туындылар @assembly_nur_sultan парақшасына жүктеледі, ал ең көп лүпіл жинаған фотоларға сыйлықтар ұсынылады. Байқаудың қорытындысы бүгін белгілі болады. Айта кету керек, аталмыш байқауға жалған немесе жабық парақшалар қатыса алмайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button