Жаңалықтар

Достық үйінде өткен мәжіліс

Елордадағы Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» бірге құру қағидатын қолдаудағы Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) міндетін айқындау мақсатында алқалы жиын өтті.

[smartslider3 slider=2080]

Ішкі саясат басқармасы мен қала әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі мұрындық болған шараға қоғамдық келісім кеңесінің, ғылыми-сараптамалық топтың, аналар кеңесі мен ҚХА-ның «Жастар ассамблеясы» республикалық жастар қозғалысы филиалының, ұйымдар мен кәсіпорындардың қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты.

Аталған ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері ел Президенті атап өткен ҚХА қызметінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы негізгі бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Шараға қатысушылар бірауыздан тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы халық бірлігі екенін атап көрсетті.

Сонымен қатар бірлескен отырыста елордалық ҚХА-ның алдағы жұмыс жоспары талқыланып, осы бағыттағы ел Президенті жүктеген жауапты міндеттерді барлық құрылымдардың тізе қосып жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button