ЖаңалықтарМәдениет

ДОСТЫҚ ЖЫРЫН ДӘРІПТЕДІ

x_7d6eda69

Қазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының «Әдебиет-Olympic» шығармашылық жобалары аясында бір айдан астам уақыт бойы өткен жас ақындардың «Менің досым» атты халықаралық поэзия байқауы өз мәресіне жетті.

Достық сезіміне арналып және онлайн режимде өтуімен ерекшеленген жыр додасына еліміздің барлық аймағынан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Ресейден хат жолдаған 84 автордан 140-қа жуық өлең түсті. Авторлардың жасы 10 жастан 55 жасқа дейінгі аралықты құрады.

Поэзия байқауы өз үдесінен шықты. Достық үшін деп қалам тербеген жас ақындардың тақырыпты жан-жақты жырлауы, шынайы сезімге құрылған, достық рухын асқақтатқан өлеңдердің биік те нәзіктігі, дос ұғымының терең мән-мағынасын жетік сезінулері қазақ қоғамындағы рухани-эстетикалық және моральдық тәрбиенің жаңа деңгейге көтерілгенінің көрінісі болса керек.

Байқауға келіп түскен барлық шығармалар «Достар жырлайды» деген атпен жинақ болып жарық көреді.

Достық тақырыбындағы мүшәйрада достар арасына жік түспеуі үшін топ жарған 9 өлең және үздік 25 өлең іріктелді. Топ жарған тоғыз өлең авторлары: Аслан Тілегенов, Жақсылық Қазымұратұлы, Аян Өрібаев, Қайрат Сейітқазин, Балтабек Нұрғалиев, Шерхан Талап, Айбол Исламғалиев, Нұртас Тұрғанбекұлы, Ақгүл Тұрсынбай.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button