ЖаңалықтарМәдениет

Достықты дәріптеді

«Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан – достық әлемі» атты Қазақстан халқы достығының XXII фестивалі өтті.

[smartslider3 slider=629]

Дәстүрлі достық фестивалінің мақсаты – ұрпақты этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық бастамаларын ынталандыру. Сондықтан оған елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени орталықтардың 17 шығармашылық ұжымы бірауыздан белсене атсалысты.
Сондай-ақ шараға Президент Әкімшілігі, ҚР Парламенті, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен елшіліктердің өкілдері қатысып, жиналған көпшілікті Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, фестиваль ұйымдас­тырушыларына алғыс білдірді.
«Мәдениет, өнер – халықтарды ең басты біріктіруші дүние. Ол ұлтқа, халыққа, этностарға бөлінбейді. Сондықтан біз осындай әр алуан мәдени ерекшеліктеріміз арқылы бірлігімізді көрсеткіміз келеді. Ең басты құндылығымыз – сол бірлік пен татулық. Баршаңызды бүгінгі дәстүрлі достық фестивалінің басталуымен құттықтаймын» деді фестивальдің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қалалық Ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов.
Қазақстан халқының достығын паш еткен шара аясында ән, қойылым, би арқылы негізінен, Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын, мақтан ететін туындылар сахналанды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button