1 мамыр - Бірлік күні

Достықты дәріптейтін мереке

Елімізде 1996 жылдан бері Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аталып келе жатыр. Мемлекетімізде 140-тан астам ұлт тату-тәтті өмір сүруде.

[smartslider3 slider=2857]

Елдің әр аймағында Достық үйі ашылған. Бұл – этносаралық қарым- қатынастың бірегей орталықтары. Онда этномәдени бірлестіктерге ақысыз негізде ұлттық орталықтарын ашуға мүмкіндік берілген. Кез келген адам сол орталыққа келіп, тілді меңгеріп, ұлттық би мен ұлттық әндерді үйрене алады. Өзім Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін. Бұл ұйым достықты дәріптеуде, бірлік пен ынтымақты насихаттауда үлкен жұмыс атқарып отыр. Барша қазақстандықтарды Бірлік күні мерекесімен құттықтаймын! Қазақ жерінде ежелден достық, ынтымақ, бір-бірін құрметтеу, бір-біріне сену сезімдері құндылық болып саналады. Осы құндылықтарымыздан айырылмайық!  

Күреш СОЛСАНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласы  мәслихатының депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button