Мәдениет

Достықтың ән-би додасы

Ұлттар достастығы бүгiнде Қазақстан халқының ең басты құндылығына айналып отыр. Бейбiтшiлiк пен татулықтың кепiлi болған елiмiзде түрлi диаспоралар мен ұлт өкiлдерi еркiн өмiр сүрiп, ұлттық салт-дәстүрiн ұлықтауға зор мүмкiндiк алуда.
Соның дәлелi «Бiрлiк пен бей­бiтшiлiк бесiгi» атты достық фестивалi Қазақстандағы түрлi ұлт өкiлдерiнiң бiрлiгi мен ынтымақтастығын көрсеттi. Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы, Астана қаласы мәдениет басқармасы және «Жастар» сарайының ұйымдас­тыруымен өткен фестиваль халықтар достығын, ел бiрлiгiн, отаншылдықты дәрiптеп, өскелең ұрпақ бойына пат­риоттық  сезiм ұялату мақсатында өттi. Шараға 20 этномәдени орталық­тардың шығармашылық ұжымы қа­тысты. Олардың арасында армяндар, әзiрбайжандар, немiстер, өзбектер,  шешендер, түрiктер, татар­лар, корей­лер, дүнгендер және бас­қалары  бар. Бiрлiк пен татулықты ту еткен түрлi ұлт өкiлдерiнен тұратын «Достық керуенi»  шығармашылық тобы өз­дерiнiң ұлттық билерiмен, әндерiмен тәнтi етiп, көрерменнiң ыстық ықы­ласына бөлендi. Сондай-ақ, олар мемлекеттiк тiлде өнерлерiн ортаға  салып, тiл мен мәдениеттi, әдет-ғұрыпты дәрiптедi. «Ең бас­тысы, мұндай мерекелер арқылы өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, жастар ара­сындағы достық қарым-қатынастың орнауына әсер ету, азаматтардың елi­не, жерiне, халқына деген құрметiн сезiндiру», – дейдi Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хат­шы­лығының бас маманы Ләззәт Құ­сайынова. Ал, фестивальға қатысу­шы­лардың айтуынша, мұндай шара­лар тек басқалардың ұлттық өнер­лерiн тамашалап қана қоймай, келе жатқан Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiн бiрiгiп атап өтуге жақ­сы мүмкiндiк бередi. Өнерiмiз ар­қылы бiз сол тарихи күнге деген құр­метiмiздi бiлдiрiп отырмыз. Өйткенi, бұл мереке  –  Қазақстанда тұратын барша ұлт пен ұлысқа ортақ мереке. Шара соңында барлық этномәдени орталықтарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.

 Еркежан КӨПТIЛЕУҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button