Елорда тынысы

Дрифт жасағаны үшін 15 күнге қамалды

Астананың әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елордалық жүргізушіге қатысты істі қарады, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс материалдарына сәйкес, жүргізуші жол бөлігінде автокөлікті басқарып келе жатып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзып, қауіпті маневрлар жасаған.

Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Оның құқық бұзушылығына дәлел ретінде бейнежазба, полиция инспекторының қорытындысы және құқық бұзушының өзінің жазбаша түсініктемелері бар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Сот қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін және құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, сондай-ақ тәрбиелеу және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button