Sport

Дуатлон додасы

Елорданың Ботаникалық саябағында әуесқойлар арасында «Nur-SULTAN DUATHLON 2021» жарысы өтті. Турнирге Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

[smartslider3 slider=533]

Жарысты қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен елорданың Триатлон федерациясы ұйымдастырды. Қатысушылардың жасы 16 және одан жоғары болды. Жарысқа қатысуға барлығы 150 адам тіркелді.
Бірінші кезең – 5 шақырымға жүгіру, екінші кезең 20 шақырымға веложарыс және соңғы кезең – 2,5 шақырымға жүгіру. Мәреге жеткен барлық қатысушыларға медальдар табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button