Ел тынысы

Dubai Expo City көрме орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды. Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің (СОР28) ашылуына дейін бірқатар мемлекет басшыларымен және басқа да жиынға қатысушы тұлғалармен әңгімелесіп, пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Еуро­Одақ президенті Шарль Мишель, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр, Мажарстан президенті Каталин Новак, АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керримен әңгімелесті. Сондай-ақ Қазақ­стан Президенті Қатар әмірі шейх Тәмим Бен Хамад әл Тани, Словения президенті Наташа Пирц-Мусармен, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, Андорра Премьер-министрі Ксавер Эспот Саморамен пікір алмасты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button