Елорда тынысы

Дүкеннен бір қорап сұйық майды ұрлап кеткен

Астана ер адам дүкендегі бір қорап сұйық майды оп-оңай ұрлап кеткен, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл сәт ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру кезінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады.

Жауап алу кезінде 53 жастағы ер кісі дүкеннің сауда залына кірген кезде ұрлық жасау ниеті болғанын айтқан. Қолайлы сәтті пайдаланып, тауарлар сөресіне жақындап, күнбағыс майлары салынған қорапты жасырын ұрлап әкеткен. Бірақ оңай олжасының нақты саны есінде болмапты. Себебі ол ұрланған тауарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға сатып жіберген, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button