Ел тынысы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы спорт түрлері бекітілді

Астанада биыл 8-14 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Әлем назарын аударатын ойында спорттың 20 түрі бойынша мықтылар анықталады.  Олар – «Асық ату», «ордо», «арқан тарту», «бәйге», «көкпар», «аударыспақ», «теңге ілу», «қазақша күрес»ғ «алыш», «ашыртмалы аба гүреши», «ссирым», «мас-рестлинг», powerful nomad – қара күш сайысы, «тоғызқұмалақ», «мангала», «овари», «садақ ату», «жамбы ату, «бүркіттермен аң аулау» ойындары бойынша жарысқа түсіп, бақ сынайды.

Ойындардың ашылу салтанаты «Астана Арена» стадионында өтеді деп жоспарланған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дегеніміз – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық сайыстар. 2014, 2016 және 2018 жылдары Дүниежүзілік ойындар Қырғызстанның Чолпон-ата қаласында өткен болатын, ал 2022 жылы Дүниежүзілік ойындар Түркияның Изник қаласында өтті.

фото https://worldnomadgames.kz/kz

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button