Елорда тынысы

Көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталуға жақын. Ертең, 13 қыркүйек  күні өтетін жарыстың жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді, депхабарлайды astana-akshamy.kz

Ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шараның салтанатты шаралар мен көрерменсіз хаттамалық форматта өтетінін түсіндірді. Алайда жабылу салтанатын қазақстандық жетекші телеарналардан тікелей эфирде көруге болады. Ұйымдастырушылар ойындардың жабылуына арналған билеттер сатылымы туралы хабар тарағанын айтты. Билеттердің сатылмайтыны және кез келген ұсыныстың алаяқтық екені ресми түрде айтылды.

«Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендердің қатысуынсыз өтеді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынаса, этноауылдағы мәдени бағдарламада күн сайын 100-ге дейін іс-шара қамтылған. Ұлттық музейде 12 елдің сарапшылары қатысқан «Көшпенділер: тарих, білім, тағылым» атты халықаралық конференция аяқталды.

8-13 қыркүйек аралығында Астанада көшпелі өмірдің түрлі мәдениеті мен дәстүрін көрсететін Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам қатысып жатыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button