Мәдениет

ДҮЙСЕКЕЕВТІҢ ДУМАНЫ

Биылғы тойдың басты ерекшелігі сол, өзіміздің өнерпаздар көпшілік көңілін көтереді дегенбіз. Мәне, 2 шілдеде Конгресс-холл сарайында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің «Алтын бесік – Астана» атты авторлық кеші өтпек. 

Шара қонақ ретінде Нұрлан Өнербаев, Роза Рымбаева, Ерік Жол­жақсынов, Нағима Есқа­лиева, Маржан Арапбаева, Майра Дәу­летбақова, Жұбаныш Жек­сенұлы, Қыдырәлі Болманов, Әлішер Ка­римов, Мәдина Сәдуақасова, Жеңіс Ысқақова, Ақжол Мейір­беков, Айжан Нұрмағамбетова, «Дабыл» тобы сынды дүлдүлдер шақы­рылып отыр.

Көрерменнің сүйікті әртістерінің орындауында Ерболат Ахмедьяров жетекшілік ететін симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен «Қайда жүрдiң», «Еркеледiң сен», «Алматым», «Өкінбе сен», «Асыл ана», «Ғашықтар жыры», «Туған жер», «Алғашқы махаббат», «Қарағым-ай», «Махаббат сыры», «Алтын бесiк – Астана» секілді көптеген әндер шырқалады.

Кеңес Дүйсекеев – өнерсүйер қауым арасында кеңінен таныл­ған көптеген музыкалық шығарма­лар­дың авторы. Ол бірнеше фильм мен театр қойылымдарына да музыка жазған. Қазір профессор К.Дүй­секеев Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінде дәріс оқиды.

Асхат Райқұл

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button