ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Дүкен неге сүрілді?

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жер инспекциясы бөлімі еліміздегі Жер заңнамасының талаптары мен нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесі бойынша Байқоңыр ауданында жерге иелік етуге құқық белгілейтін құжаты жоқ сауда дүкені анықталды. Анықталған факті бойынша дүкен иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР Жер кодексінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарым шығарылды. Бұл талаптың орындалмауына байланысты, басқарма сотқа заңсыз ашылған дүкенді бұзу туралы арыз жолдады.  Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы сотының шешімімен талап қанағаттандырылды. Нәтижесінде аталмыш заңсыз ашылған дүкенді бұзу туралы сот шешімі орындалып, ғимарат сүрілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button