Жаңалықтар

Дүкен сөрелерінде тапшылық жоқ

Қаламыздың ірі сауда орындарындағы азық-түлік бағасы күнделікті қадағалануда. Бағаны өсірген кәсіпкерлерге құзыретті органдар заңға сәйкес қатаң жаза тағайындайды, деп хабарлайды Elorda.info.

[smartslider3 slider=1718]

«Елордаға кіреберістерде 6 блокбекет орнатылды, ол жақтан қалаға азық-түлік тауарларын кіргізу кедергісіз ұйымдастырылған. Сондықтан қалада азық-түлік тапшылығы жоқ. Барлық сауда нысаны штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қала комендантының талабы бойынша дүкендерден алкогольді ішімдіктер алынып тасталды. Бағалар тұрақты. Комендант талабын орындамаған кәсіпкерлер қатаң жазаға тартылады» деді елорда әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев.

Тұран даңғылы, 45 мекенжайында орналасқан «Анвар» гипермаркетінде қарбалас жоқ. Аталмыш гипермаркет директоры Наталья Крастыньның айтуынша, елдегі төтенше жағдай сауда объектісіне еш әсер етпеген. «Барлық тауар жеткілікті. Бос тұрған сөрелер жоқ. Келім-кетім кісілер тарапынан да алаңдау­шы­лық байқалмайды» дейді ол.

«Бірте-бірте дүкендеріміздің жұмыс істеу уақыты ұзарады. Астана­дағы барлық филиалымыз ашық. Тауарлар бекітілген кесте бойынша уақытылы жеткізілуде. Алкогольді сатылымнан алып тастадық» дейді «Магнум» гипермаркетінің аймақтық директоры Елена Зеленко.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button