Көңіл айту

Дүниеден өтті азамат…

28 ақпан күні 71 жасқа қараған шағында еліміздің аяулы ұлы, танымал азамат, белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат Махмұтұлы ЖОЛДЫБАЙ дүниеден озды.

[smartslider3 slider=2306]

Қаламынан оннан астам кітап, жүздеген мақала шыққан публицист Кенжекең шығармашылық жөнімен де, болмыс-бітімімен де өзгелерден ерекшеленіп тұратын. Екі тілде де еркін жазатын санаулы қаламгердің бірі болатын. Ізденімпаздығы, еңбекқорлығы, жауапкершілігі кімді болсын тәнті қылатын. Жаны жайсаң, жан-жағына нұрын шашып, танығанына жылы сөзін аямай, кімге болсын қол ұшын созып, көмек беруге дайын тұратын абзал жан еді. Өмірінің соңғы 7-8 жылында өзінің кәсіби шығармашылығынан бөлек, республикалық ардагерлер ұйымының қоғамдық жұмыстарына да белсене араласып, көптеген іс-шараларына қатысып, өзіндік орнын тауып еді.

Бергенінен берері көп қайраткер, қаламгер, тыңдаушысын елітер ақылман еді. Иманы кәміл, ұстанымы мығым, ұлттық тәрбие, салт-санаға берік болатын азаматымыз еді.

Орны толмас қаза!

Аяулы жары Төкен замандасымызға, балалары Мадьяр, Сәруар, Әйгерімге, немерелеріне, басқа да туған-тумаластарға ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз, қабырғаларыңызды қайыстырған қайғы үстінде болаттай берік болыңыздар. Әулеттеріңіз үшін орны толмас жағдайда тағдырдың жазуына көнбеске амал жоқ.

Кенжеболат Махмұтұлы бауырымыздың жаны жәннатта, тәні рахатта, топырағы торқа болғай.

Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесі атынан:

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,

Көпболсын БЕКМАҒАНБЕТ,

Бейбіт ОСПАН,

Жанат ЕЛУБАЕВА,

Вероника ЦОЙ,

Гүлім АБДРАХМАНОВА,

Надежда ЧЕРНУШЕНКО,

Жүрсінбек БАЙНИЯЗ,

Әділхан АБДУЛИН,

Марат НАГУМАНОВ,

Айгүл ДЕМЕУОВА,

Қуаныш НАЖУОВ.

 

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button