Мәдениет

«Дударай» классикамен үндескенде

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония­сы «Қазақ­квартет шақырады» циклы аясында «Дударай» классикамен гармонияда» атты Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеттің концертін ұсынды. Концерт «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында өтті.

Концерт барысында ұлы композиторлар Л.Бетховен мен Д.Шостаковичтің шығармалары орындалды. Соның ішінде сирек орындалатын, 1826 жылы Людвиг ван Бетховеннің №14 До-диез минор, ор. 131 струнды квартеті орындалды. Шығарма камералық музыка әдебиетінде ең үздік квартет ретінде мо­йындалды. Бетховеннің өзі бұл квартетті өзінің ең ұлы туындысы деп есептеген. Көптеген танымал композитор №14 квартетті керемет туынды деп таныды. Мәселен, Франц Шуберт бұл шығарманы тыңдағаннан ке­йін: «Осыдан кейін не жазуға болады?!» деген екен. Ал Роберт Шуман: «Квартет ешбір сөзбен жеткізуге келмейтін ұлылыққа ие. Бұл шығарма адамның ­қиялымен жеткен шыңдардың шекарасында тұрғандай әсер қалдырады» деген болатын.

Концерттің екінші бөліміне Д.Шостаковичтің шығармасы енген. Композитор ішекті аспаптар квартет жанрына, бесінші симфониясы мен «Мценск уезінің леди Макбеті» операсынан кейін, нағыз шеберлікке жеткен шағында бет бұрған. Шостакович – 15 ішекті квартетінің авторы. Концерт соңында көпшілікке танымал лирикалық «Дударай» әні ішекті аспаптар квартетіне өңделген нұсқада орындалды. Әнді өңдеудің авторы – композитор Әліби Әбдінұров.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button