Sport

Дзюдо додасы

Астана қаласында дзюдо күресінен әйелдер және ерлер арасындағы ел чемпионаты, сонымен қатар ерлер мен әйелдер аралас құрамдары арасында командалық жарыс өтті. «Дәулет» спорт кешенінде өткен жарыста 437 балуан белдесті.

Биылғы біріншілік екі форматта ұйымдастырылып, жекелей және командалық жарыстың жеңімпаздары анықталды. Жекелей сында төрт алтын медаль иеленген Алматы облысының дзюдошылары басқалардан көш ілгері болды. Үш алтынға ен салған Маңғыстау балуандары мен екі чемпион шыққан Қызылорда дзюдошылары да алдыңғы саптан орын алды. Ал үш қыз, үш жігіттен аймақтық аралас құрамалар сайысында Атырау командасы ешкімге дес бермей, бас кубокты жеңіп алды.
Жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаздар арасынан Астана қаласының спортшысы Әйгерім Әбілқадырова, маңғыстаулық Ақниет Тұрдан, алматылық Зарина Райфова, қызылордалық Серік Ақылбек, жамбылдық Әзиз Қалқаманұлы және алматылық Виктор Демьяненко жанкүйер қауымның ризашылығына бөленді.
Осы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданған дзюдошылар анықталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button