Әлеумет

«Е-архив» жұмысы бойынша семинар-кеңес өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық архив базасында «Е–архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша республикалық семинар-кеңес ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Семинар жұмысына өңірлердегі архив ісі мен құжаттаманы басқаруға жауапты жергілікті атқарушы органдардың 130-дан астам өкілі қатысты.

Қатысушылар Ұлттық архивтің, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары архивистерінің жүйе модульдерін сапалы толтыру, сараптамалық және сараптамалық-тексеру комиссияларының функцияларын автоматтандыру, электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау тәжірибесімен танысты.

Сонымен қатар семинар барысында іс жүргізу тізімдемесін жасау, істер номенклатурасын енгізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау тәртібі және «Ұлы Отан соғысына қатысушылар» дерекқорына мәліметтер енгізу мәселелері бойынша оқыту жүргізілді.

Жиын соңында жүйені жаңғырту мәселелері талқыланды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button