Экономика

«E-Salyq Business» қосымшасына қосыл!

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін E-Salyq Business жаңа мобильді қосымшасын әзірледі. Қосымша жеке кәсіпкерді тіркеуден бастап, арнайы салық режимдерін таңдау, есеп-қисап пен кірістерді жүргізу тәртібіне қатысты барлық жұмысты оңай жүргізуге көмектеседі.

[smartslider3 slider=763]

Комитет төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, бұрын шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айтарлықтай қиындық туғызатын рәсімдер көп болды. Аталған қосымшада барлық қызмет қарастырылып, ол касса аппаратының функционалымен жетілдірілген. Касса түбіртектері базасында кәсіпкердің кірісі қалыптасады және осы табыстың базасында автоматты түрде салық декларациясы толтырылады. «Қосымшаны пайдаланатын кәсіпкерге мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімшелеріне барудың қажет жоқ. Барлық қызметтер автоматты түрде жүзеге асырылады. Қосымша сервистер түрлі анықтамаларды беруді қарастырады. Салық органдары тарапынан қажет болғанда ескертпелер келіп түседі» дейді Ж.Іңкәрбаев. Мобильді қосымшаны 400 мың жеке кәсіпкер қолдана алады және оны Play market-тен жүктеуге болады. Қазір App store-де аталған қосымшаны жүктеу үшін берілген өтінімге жауап алу рәсімдері жүріп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button