ДенсаулықЖаңалықтар

ЭБОЛА ВИРУСЫ – ҚАУІПТІ ІНДЕТ

20140801_gaf_u42_069_0

Күллі әлемді алаңдатып отырған Эбола вирусы елімізді де бей-жай қалдырмады. Бүгінде Қазақстанда Эбола қызбасынан сақтану, оның алдын алу шаралары қатаң жүргізіліп жатыр.

Эбола вирусы – тез жұғатын, өте қауіпті індет. Вирус алғаш рет 1976 жылы Батыс Африканың Эбола өзенінің жанында орналасқан елді мекендерде анықталғандықтан аурудың атауы солай аталған. Эбола вирусының осы елдердегі шығу көзі жарқанаттар болып табылады. Қазір бұл ауру Батыс Африканы былай қойып, Еуропа мен Америкаға да жетіп отыр.  Сондықтан әрбір азамат қауіпті безгек сырқаты жөнінде біле жүргені жөн.

Эбола қызбасының алғашқы белгілері дене қы­зуының 39оС – 40оС дейін кенеттен көтерілуі, қатты әлсіздік, бастың және аяқ бұлшық еттерінің ауруымен білінеді. Бұдан кейін іш өтіп, денеде бөртпе пайда болады, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуынан ішкі және сыртқы қан кетулер болады. Аурудың бастапқы белгілері тұмауға ұқсас болғанымен, көз бен қызыл иек қанталайды.

 Вирустың өршу кезеңі 2-ден 21 күн аралығын құ­райды. Ауру жұқтырған жағдайда оның көрсеткіші
90 пайызында өлім жағдайына әкеліп соғады.

Әзірше Эбола қызбасына қарсы ем болмай тұр. Тек алдын ала сақтану шараларын жасау қажет.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі аурудың алдын алу, қандай да бір қауіп төне қалған жағдайда жедел әрекет ету мақсатында мынадай шараларды жасау қажеттігін ескертеді: Эбола қызбасына күдіктенген жағдайда бұл туралы шұғыл түрде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне хабарлау қажет; Денсаулық сақтау ұйымдары Эбола вирусын жұқтырды деген күдігі бар адамдарды емдеу үшін мамандандырылған төсектермен, тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге тиіс және сырқат адаммен байланыста болған адамдарды оқшаулауға арналған орын болуы керек. Емдеу мекемелерінде аурудан қорғайтын барлық құрал-жабдықтар, атап айтқанда, қорғаныш көзілдірігі мен арнаулы киімі және сырқат адамнан тиісті сараптама алу үшін арнайы жабдықтары болуы шарт. Бір сөзбен айтқанда, қандай жағдайда да медициналық ұйымдар сақадай сай болуы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button