Шаһар шежіресі

Эдита Пьеха – Целиноградта

Керемет даусымен, өзіндік нақышымен одаққа машһүр поляк қызы ­Эдита Пьеха студент кезінде-ақ еліне атағы шыққан «Дружба» ансамблінің құрамында ән айтып, өнерсүйер қауымға кеңінен танылды.

Ол әсіресе, сол кездегі даңқы алысқа кеткен композиторлар Марк Фрадкин, Александр Пахмутова, Владимир Успенскийдің әндерін орындап, халық арасында үлкен құрметке бөленді.

Шетел әндерін орыс тілінде тамылжыта шырқайтын эстрада жұлдызы  КСРО халық әртісі атағына ие болды. Ол 1979 жылы «Золотой голос» өнер фестивалінің құрамында Целиноград қаласына келіп, «Тың игерушілер» сарайын­да концерт қойды.

Соның алдында ғана Куба халық республикасының астанасы Гаванада «Ән ханшайымы» мәртебесін иеленіп, орыс тілінде орындаған шетелдік әндерінің 20-дан астам күйтабағын шығарған әншіні целиноградтықтар құшақ жая қарсы алды.

Суретте Эдита Пьеханың «Тың игерушілер» сарайында ән шырқау сәті.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button