Мәдениет

Егемендік және елбасы

Нұр-Сұлтан қаласында «Егемендік және Елбасы» атауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

[smartslider3 slider=1360]

Оған белгілі фотожурналис­тердің түсірген, егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап бүгінге дейінгі кезеңді қамтыған фотосуреттер қойылған. Тәуелсіздік жылдары ел тарихына жазылған айтулы оқиғалар мен айшықты сәттер, Елбасы қызметінің маңызды мезеттері де фотообъективке ілінген. Сондай-ақ шара аясында «Ел және Елбасы» деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтті. Төрт бөлімнен тұратын жинаққа «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, Елбасының тұлғалық қырлары мен тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін мақалалар топтастырылған. «Егемен Қазақстан» газеті – тәуелсіздігіміздің ең алғашқы шежірелерінің бірі.

Соның көрінісі «Егемен Қазақстанға» жарияланған егемендік туралы, тәуелсізідік туралы бір тобын топтап, ел және Елбасының еңбегін көрсететін құнды мақалалар шыққан екен. Қалай болды, не болды – соның бәрі дерек көзімен жазылған» деді мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button