Ел тынысы

Egov.kz. порталы қалпына келтірілуде

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау бойынша еgov.kz. порталында қызметті қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл қызмет таяу уақыттарда қолжетімді болады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.

Портал арқылы өтініш беру үшін келесі құжаттар талап етіледі: ата-аналардың немесе баланың басқа заңды өкілдердің өтініші; «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар; баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi. Бұдан басқа ата-аналар тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына барып өтініш бере алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button