Қоғам

Екі буын өкілдері кездесті

Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері колледж студенттерімен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Менеджмент, Бизнес және Білім беру колледжінің қабырғасында студент жастар мен зейнеткерлер арасында «Сенің мамандығың – сенің болашағың!» тақырыбында бірлескен іс-шара өтті. Жастарды еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара «Жұмысшы мамандықтары жылына» орайластырылды. Іс-шарада Сарыарқа ауданының ісмер әжелері өздерінің қолдан дайындаған бұйымдарын көрсетті.

Еңбек терапиясы үйірмесі ұйымдастырған көрмеге картиналар, ұлттық бас киімдер, тоқыма киімдер, ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылды. Студент жастарға Орталықтың тігінші және аспазшы әжелері өздерінің еңбек жолын баяндап беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Олар студент қыздарға өз мамандықтарының майталманы болуға тілектес болды. Кездесу соңында екі буын өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Өнерлі жастар мен зейнеткерлер ән айтып, би билеп, музыкалық аспапта ойнады.

Сарыарқа ауданының сәнқой әжелерінен құрылған «Кербез_models» тобы ұлттық киімдер топтамасынан дефиле көрсетті. Сонымен қатар, биші ата-әжелердің «Элегенд-Дэнс» би тобы орындаған вальс биі жастарды таңқалдырды. Іс-шара соңында сөз алған колледж басшылығы зейнеткерлерге алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарды табыстады. Аталған шара студенттерге тәжірибелі мамандармен кездесіп, болашақ мамандықтары туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button