Жаңалықтар

ЕКІ ҚОЛҒА БІР ЖҰМЫС

Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің 74,3 пайызы жұмыспен қамтылды.

ERM_9224

Биылғы жылдың басынан бері Жұмыспен қамту орта­лығына 5748 адам жұмыс із­деп келген. Олардың 2858-і – жұ­мысқа орналастырылды.
Соның ішінде 100 адам – қо­ғамдық жұмыс орындарына, 254-і жастар практикасына жіберілді. Қоғамдық жұ­мыс­тарға барлығы 1 мыңдай азамат тартылды. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және білік­ті­лі­гін арттыру курстарында 414 адам оқып жүр.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары – еліміздегі әлеуметтік саясаттың бір бөлігі. Осы бағдарламаның негізгі тірегі – жұртшылықты жұ­мыспен қамту және қайта мамандандыру. Оны іске асыруға мемлекет және жеке кәсіпкер­лер қатысады.
Айта кететін жайт, тек «Жұ­мыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шең­берінде ағымдағы жылы Астана қа­ласында балабақшалар, мектептер, ауруханалар сияқты 55 қоғамдық нысан жөндеуден өткізілмек. Осыған сәйкес 550-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button