Елорда тынысы

Екі спорт нысаны қайта салынады

Алдағы 1,5 жылдың ішінде елордада екі спорттық объект қайта салынып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бұл туралы шаһар әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Бұл жоба 5 жыл бұрын басталды, сәтсіз модель таңдалды деп ойлаймын. Өткен жылы сот тәртібімен мемлекет пен жеке серіктес арасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестестік келісімшартын бұзып, аталған объектіні қайтардық. Қазір бұл объектінің құрылысы келесі жылы аяқтайтын компания анықталып жатыр. Алдағы 1,5 жылдың жоба құрылысын аяқтау міндетін қойып отырмын», – деп жауап берді тұрғын сауалына Жеңіс Қасымбек «Байқоңыр» ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.

Әкімнің айтуынша, заманауи спорт сарайында мұз айдыны, бассейн тағы сол сияқты спорттық секциялар болады.

«Сонымен қатар келер жылы көктемде Сарыарқа ауданында орналасқан футбол стадионының құрылысын қайта жандандыруды қолға аламыз. Сондықтан да қаладағы осы екі тарихи спорттық нысан 1,5 жылда салынып, пайдалануға беріледі», – деп сендірді елорда басшысы.

Еске сала кетсек, елордадағы «Қазақстан» спорт сарайы құрылысының бітпеуі – әріден келе жатқан проблема. 2022 жылы жазда «Қазақстан» спорт сарайын жөндеу жұмысы басталатыны айтылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button