Шаһар шежіресі

Екінші ғарышкер – тың игерушілер ортасында

1961 жылғы 6-7 тамыз күндері «Восток-2» ғарыш кемесімен Жер шарын 25 сағат 11 минутта 17 рет айналып шыққан Герман Титов – Целиноград қаласына табан тіреген алғашқы ғарышкер-ұшқыш.

Ол 1963 жылы қаңтар айында осы шаһарда өткен жас тың игерушілердің екінші слетіне қатысқан. Слеттен кейін мәс­кеулік қонақ теміржолшылардың мәдениет сарайында өңірге кеңінен танымал тың игерушілер ән-би ансамблінің өнерін тамашалапты.

1955 жылы Қостанай қаласында әскери ұшқыштар даярлайтын мектепті тәмамдаған Герман Степановичтің қазақ даласында достары да, таныстары да аз емес-тұғын. Сол жолы адамзат тарихында Юрий Гагариннен кейін ғарышқа екінші болып көтерілген аңыз адам өзіне асқан қонақжайлылық танытқан целиноградтықтардың көкейіндегі сауалына жауап беріп, қолтаңба берген.

Келесі күні батыр ғарышкер Атбасар ауданындағы «Шуйский» совхозының диқандар бригадирі, Социалистік Еңбек Ері ­М.Довжиктің шаруашылығында болып, ескерткіш суретке түскен.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button