Басты ақпарат

Екіжақты келіссөздер жүргізілді

Астана әкімдігінің делегациясы «ақылды» қалалардың Бүкіләлемдік ЭКСПО конгресіне қатысып, Испаниядағы UNWTO Дүниежүзілік турис­тік ұйым басшылығымен кездесті.

Іссапар шеңберінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған делегация Мадрид және Барселона мэрлерімен, Барселонаның денсаулық сақтау басқармасы және жедел жәрдем стансасы мамандарымен кездес­ті. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде Барселона мэрімен денсаулық сақтау, білім, туризм және сандық трансформация саласында тәжірибе алмасу бойынша бірқатар келісімшарт жасалды. Сонымен қатар тараптар спорт, денсаулық сақтау, туризм, қалдықтарды жою және көлік саласындағы әріптестік бойынша да келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ қалалық туризм бойынша UNWTO саммитін Астанада сапалы өткізу мақсатында Ермек Аманшаев UNWTO бас хатшысының орынбасары Мануэль Батлермен де кездес­ті. Естеріңізге салсақ, қыркүйекте Астана делегация­сы Сеулде өткен VII жаһандық қалалық туризм бойынша UNWTO саммитіне қатысқан болатын. Онда VIII жаһандық қалалық туризм бойынша UNWTO-ның келесі саммиті Астанада өтетіні мәлім болған-ды. Кестеге сәйкес, Астанадағы саммит келер жылдың 7-11 қарашасында өтеді деп жоспарланған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button