Жаңалықтар

Эко-проблемаларды қалай шешуге болады?

Қазіргі қоғам экологиялық апаттың ортасында тұр, бірақ қалың көпшілік ол туралы ойланбайды. Өркениет үрдістері адамзаттың өмір сүру жағдайын жақсарта отырып, сонымен бірге ғаламшарға үлкен зиян тигізуде. Пайдалы қазбалардың азаюы, атмосфераның ластануы, әлемдік мұхиттар мәселелерінің күрделенуі, озон қабатының бұзылуы – бұл көз көріп отырған экологиялық проблемалардың бір қыры ғана.

12-14 шілде аралығында Galmart супермаркеттерінің сауда залдарында I care with galmart эко-күндері ұйымдастырылды. Мұнда эко тақырыбындағы фотокөрме қойылып, «РОП операторы» стенді ұсынылды. Стендте қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігі, қоқыс қалай өңделетіндігі және басқа да пайдалы ақпараттар топтастырылған.
– Біз адамдарды күнделікті тұрмыста экологиялық таза өнімдерді қолдануға шақырамыз. Әсіресе, ас-суды полиэтилен, пластик ыдыстарда сақтаудың зияны орасан. Ол жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баяғыда-ақ дабыл қаққан. Бірақ жұрт бәрібір енжар, – деп қынжылды «ЭКО-Продактс групп» ЖШС директоры Мирас Аббатов.
Аталған компания 2014 жылдан бері осы проблемаларды шешуге қатысуда. Жыл сайын Galmart ECO DAY шарасын өткізіп келеді. Аталмыш акция аясында халықты полиэтилен пакеттер мен басқа да пластикалық ыдыстарды пайдалануды біртіндеп қысқартуға шақырады. Акция барысында «БИО-Продактс» ЖШС биоыдыратылатын пакеттері таныстырылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button