Әлеумет

Эко-­жобалар көрсетті

Елордалық студенттер Sustainability Living Lab бағдарламасы аясында жүзеге асқан эко-жобаларын көрсетті. Экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуге арналған бірегей бастама – SLL бағдарламасына арналған медиа-тур кезінде жас өнертапқыштардың әлеуметтік өнертабыстары көпке ұсынылды.

Аталған бағдарлама бүкіл Қазақстан бойынша студенттерге университет кампустарында экологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол жастардың теориялық білімін нақты жобаларға айналдыруға ықпал етіп, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға септік етеді. Бұл тек экологиялық бастамаларды дамыту алаңы ғана емес, сонымен қатар, университет қауымдастығындағы экология­лық сананы өзгерту факторына айналды.

Медиа-турға қатысушылар университет аумағында SLL бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бірқатар қызықты жобамен танысуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Mediterranean biome – университет атриумында субтропиктік өсімдіктерден тұратын арнайы аймақ құру жобасы.

NU observatory – диаметрі 50 см телескоп орнатылған шағын обсерваторияны салу жобасы. Bulan – мүгедектер арбасының қозғалғыштығын және пайдалану жеңілдігін арттыратын электр қондырмасын жасау жобасы. Осы жобаны ойлап тапқан елордалық студент Аймедет Тауфиктің робототехника бағытында білім алуда.

– Жобамның аты – Bulan. Ерекше жандардың негізгі мәселесі – ассистент қызметіне тәуелділігі. Мұндай адамдар қалаған уақытында қалаға шығып, бір жаққа барып шаруасын істей алмайды. Әрдайым біреудің көмегіне зәру. Сол мәселені шешу үшін мен арбаға қосымша тіркемені ойлап таптым. Оны ерекше қажеттіліктері бар адам өзі қосып тіркей алады. Мұны электрсамокат қызметімен теңестірсе де болады. Бірақ бұл нақты осындай арбаға арналған, – дейді өнертапқыш студент. Осы және басқа да жобалар тұрақты кампустарды құруға ықпал ететін инновация­лық идеяларды қамтиды. Олар пайдалы және экологиялық таза өнімдерді жасау үшін ресурстарды тиімді пайдаланудың және қалдықтарды қайта өңдеудің маңызын көрсетеді.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button